2018 жылғы 4 қаңтарда М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Түлектер қауымдастығының екінші отырысы өтті.
ЖОО-ның Түлектер қауымдастығы Кеңесінің төрағасы, облыстық «Құрылысжинақбанкі» АҚ директоры Абдрахманова Райхан отырыстың модераторы ретінде сөз сөйледі.
Онлайн-режимде скайп бойынша М. Қозыбаев атындағы СҚМУ түлегі, Алматы қ. "Astana-Plat" ЖШС директоры Евгений Кучковскиймен байланыс ұйымдастырылды.
Кездесу барысында СҚМУ қызметінде Қауымдастықтың алатын орны мен университеттің ғылыми жұмысының дамыту жолдары туралы талқыланды.
Кездесу қатысушылары баяндаушылардың баяндамаларын талқылап, пікір алмасып, сонымен қатар ұйымның жұмысын жетілдіру туралы ұсыныстарын ортаға салды. Осылайша, сөз барысында Қауымдастық Кеңесінің мүшелерімен университет студенттеріне шеберлік сабақтарын өткізу туралы ұсыныс айтылды. Бұл пікірді қатысушылар бір ауыздан қолдады.