"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым.

Александр Македонский

Ашық сабақ "Туризм индустриясы"

        05.04.18ж. "Практикалық қазақ тілі" кафедрасының оқытушысы Ғ.Ақпанова "Ең үздік практикалық сабақ" конкурсы аясында Б(0)-17 көптілді тобында "Туризм индустриясы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ Іскерлік ойын түрінде өткізіліп, студенттердің қазақ тілін оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған. Сабақта топпен жұмыс, әңгімелесу, сұрақ-жауап әдістері, көрнекілікке тірек сызбалар, карточкалар, құрал жабдықтарға интерактивті тақта, компьютер қолданылып, бейнекөрсетілімдер пайдаланылды. Сабақта студенттер өздерінің жоғары деңгейдегі білімдерін көрсете білді.

Кафедра пқт
06.04.2018