Некоммерческое акционерное общество
"Северо-Казахстанский университет
имени Манаша Козыбаева"
Крупнее
Галерея цитат

Дитя человеческое не рождается на свет разумным. Только слушая, созерцая, пробуя все на ощупь и на вкус, оно начинает познавать разницу между хорошим и плохим. Чем больше видит и слышит дитя, тем больше узнает.

Абай Кунанбаев «Слова назидания. Слово девятнадцатое»

Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қожахмет Алтай Қожахметұлы асқарлы 80 жылға толды

Ақынды да, батырды да, дананы да ұстаз тәрбиелейді. Оның берген тәрбиесі  әрбір жанның өмірінде жол сілтер шамшырақ. Өмірінің басым бөлігін ұстаздық кәсіпке арнаған Қожахмет Алтай Қожахметұлының 80-жылдық мерейтойы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да тойланды. Мерекелік кеште әннен шашу шашылып, шәкірттері ұстазын сый-сыяпатсыз қалдырмады. Жан-жаққа тарап кеткен студенттері бір қара шаңырақ астына жиналып, ұлы ұстаздарын құттықтады.

Алтай Қожахметұлы 1938 жылы Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласында дүниеге келген. Жастайынан жетімдіктің кермек дәмін татып, балалықпен ерте қоштасқан ол техникумды аяқтаған соң, бірден еңбекке араласты. Кейін, математика мамандығын таңдап, Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетіне оқуға түседі. Жас маман 1958 жылы бухгалтер болып өз еңбек жолын бастайды. Бүгінгі күні ғалым М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушылықтан қол үзбеді. Талай уақыт бойы сол мамандықтың ыстығына күйіп, суығына тоңып, қызығы мен шыжығын бірдей көріп келе жатыр.

Шәкірттері, факультет және университет ұжымы мерейтой иесін туған күнімен құттықтай отыра, оған зор денсаулық, қайрат пен жігер және өмірдегі жолының ұзақтығын тіледі. Өз кезегімізде біз айтылған жылы лебіздердің бәріне қосыламыз.

19.04.2018