Сөздәйектер галереясы
Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба.
Абай Құнанбаев
Мини-футбол жарыстары аяқталды
Профессорлық-оқытушылар құрамы арасында спорттың 13 түрі бойынша өтетін жыл сайынғы «Сергектік және денсаулық» спартакиадасы осы аптада мини-футболмен жалғасты.
Университеттің алты факультеті өз өкілдерін жарыстың ең көпшілік ойын-сауық түріне қатыстырды.
Бізідің университетте мини-футбол алаңының ашылуы студенттер мен оқытушылар үшін жаттығуға мүмкіндік береді.
Қызу күрес нәтижесінде жеңіс кубогіне ақпараттық технология факультеті ие болды. Спартакиадаға қатысушылар шілде айында президенттік тестіден өтеді.
26.06.2013
