Іс-шара барысында Серік Мәуленұлы жиналғандарды университетіміздің ішкі құрылымымен таныстырып, әр мамандықтың өзіне тән айрықша белгілерін, студенттердің жоғарғы оқу орнындағы құқықтары мен міндеттерін атап көрсетті.
Сондай-ақ, ректор білім берудің кредиттік технологиясы және оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы айтып берді.
Жалпы, білім ордамызға шамамен 3 мың студент оқуға түсті. ЖОО басшысының дәрісінен олар өздеріне көптеген мәліметтер алды. Бұл іс-шара 1-курс студенттеріне университетті толықтай жақсы танып білуге мүмкіндік берді.