Сөздәйектер галереясы
Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.
Ы.Алтынсарин
"Полиглот" сайысы
26.09.2018 ж. күні «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының оқытушысы Ғ.Ақпанова ИЯ-18 тобында Қазақстан халқы тілдерінің күніне байланысты «Полиглот» сайысын өткізді. Сайысқа 16 студент қатысты. Топ екі топшаға бөлініп, тапсырмалар орындады. Тапсырмаларды орындау барысында қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, украин, әзірбайжан, татар тілдері қатыстырылды. Студенттер сайысқа қызығушылықпен, белсенді түрде қатысты.


Кафедра пқт
01.10.2018
