Сөздәйектер галереясы
Нағыз білім, дененің шынайы мәдениеті сияқты, үйлесімділік пен оған деген ұмтылыс, бұл қол жеткізілген мақсатты сезіну және сонымен бірге алға жылжу ниеті
Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-да жастар ісі комитетінің ұйымдастырумен «Autumn FEST» күзгі фестивалі өтті
2018 жылдың 2 қазанында Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ Жастар ісі жөніндегі комитетіне 5 жыл толып отыр. Мерей тойды өткізу аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Олардың бірі - «Autumn FEST» күзгі фестивалі. 3 оқу корпусында өткізілген фестиваль көңілді әрі қызықты өтті. Қатысушылар үшін бұл бағдарламаның аясы ауқымды ұйымдастырылды.
Ректор аллеясында жергілікті суретшілердің картиналарының көрмесі өтті. Сонымен қатар «Твистер» ойындары ойнатылды. Ал фонтанның жанында концерттік ойын-сауық бағдарламасы және қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Студенттер жарыстарға белсене қатысып, ән шырқады және би биледі. Қатысушылар көңілді демалып, жақсы көңіл-күйде болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «open air» форматында осындай мерекені дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр. Барлығы фестивальге біздің университеттің 100-ден астам студенттері қатысты.
