2018 жылдың 3-ші қазанында білім беру бағдарламасының екінші кезеңінің рейтинг нәтижелері белгілі болды. Екінші кезеңнің міндеті - білім беру бағдарламаларының мазмұнындағы айырмашылықтарды бағалау және талдау болды. Барлығы 31 мамандық бағаланып, талданды. Бағдарламаны бағалау бойынша негізгі сарапшылар бизнес-ортаның өкілдері болды. Рейтинг түлектердің жұмысқа орналасу критерийлеріне, орташа жалақыға, бағдарламалардың өзектілігін бағалауға және бітіруші сауалнама нәтижелеріне сәйкес жүргізілді. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дан рейтингке 13 мамандық қатысқан болатын, олардың 11-і жүлделі орындарға ие болды:
ЖОО рейтингі – ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен БҒМ ҚР бірлесіп жасаған жұмысы. Білім беру бағдарламаларының рейтингінің негізгі мақсаты білім беру бағдарламасының кәсіби стандарттар мен еңбек нарығының талаптарына сәйкестігін анықтау болып табылады.
ЖОО оқу бағдарламалар рейтингісі (2018 жылдың қыркүйек айына)