2018 жылдың 8-9 қазан айында Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры С.М. Өмірбаев «Эразмус+» бағдарламасының халықаралық байланыстар семинарына қатысып келді. Оны Еуропалық Комиссия ұйымдастырып, Орталық Азия елдеріне бағытталады.
Семинарға Еуропа мен Орталық Азия университеттерінің 200-ден астам өкілдері қатысты. Қатысушылар арасында - Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Серік Өмірбаев болды.
Кездесудің негізгі мақсаты – «Эразмус+» бағдарламасының кезекті конкурсына қатысу үшін сапалы өтінімдер санын арттыру және жоғары оқу орындарының өкілдері арасында тікелей байланыс орнату.
Іс-шараның басты мақсаты - жоғары білім беру саласындағы халықаралық жобалар мен халықаралық несие ұтқырлығы бойынша жобаларды жүзеге асыру. Пленарлық мәжілістер мен сессиялар барысында, сондай-ақ бейресми қарым-қатынас кезінде қатысушылар «Эразмус+» аясында екі жақты және көп жақты ынтымақтастықты әрі қарай талқылау үшін шетелдік елдерінің мүдделі университеттерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алады.
www.tkti.uz және www.kazguu.kz сайт материалдарына негізделген