Сөздәйектер галереясы
Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер.
"Ауыл шаруашылығы" кафедрасының меңгерушісі Шаяхметова А. С. және кафедра оқытушысы Балахметова А. Т. Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің (Қытай Халық Р) инновациялық зертханасы базасында ғылыми тәжірибеден өтті
"Ауыл шаруашылығы" кафедрасының меңгерушісі Шаяхметова А. С. және кафедра оқытушысы Балахметова А. Т. Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің (Қытай Халық Республикасы) инновациялық зертханасы базасында ғылыми тәжірибеден өтті. 03. 04.2018 ж. – 11.05.2018 ж. аралығында оқытушылар картоптың вируссыз материалын өндіру әдістемесін, микроклональды көбеюдің қазіргі заманғы биотехнологиялық тәсілдерін, картоптың вирустық және бактериялық ауруларын, ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы мәселелерін зерттеді, заманауи зертханалық жабдықтарда жұмыс істеді. Университет ғалымдарының селекциялық жетістіктерімен танысты, "Азық-түлік қауіпсіздігі" және "Мал шаруашылығы" факультеттерінің профессорлық-оқытушылық ұжымымен іскерлік байланыс орнатты.
https://mp.weixin.qq.com/s/wtFi-fpm4F56ZHt6KKN7aw