"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

В.А.Сухомлинский

«ОАЕҚ» ҚҚ сізді «3.2.1 - START» әлеуметтік және экологиялық жобаны іске асыруға қатысуға шақырады

«Орталық Азияның Еуразия Қоры» ҚҚ Сізді «3.2.1 - Старт» әлеуметтік-экологиялық жобасын жүзеге асыруға қатысуға шақырады, ол Қазақстанның кәсіпкерлік саласындағы әлеуметтік және экологиялық мәселелерін шешуде жастар бастамаларын қолдауға бағытталған.

Жоба 18-29 жас аралығындағы жастар арасында экологиялық идеялар байқауын өткізеді. Бірінші кезеңде қатысушы өз идеясының сипаттамасын жіберуі керек. Бұл сіздің идеяларыңыз бен ақпараттарыңыз туралы қысқаша сипаттамасымен бейнеcі немесе жазба болуы мүмкін. Идея туралы ақпарат төмендегі ресурстарға жіберілуі мүмкін:

Инстаграм

Жобаның сайты

Электронды пошта/мекенжай: hotline@cci.com.kz немесе andrey@ef-ca.org

Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша 10 финалист Астанада қосымша мастер-класстан өтеді (2019 жылдың ақпан айы). Жүлде қоры 3 000 000 теңге.

22.10.2018