2018 жылдың 10-шы қазанынан 15-не дейін (Латвия) Даугавпилс қаласында гір спортынан 40 елден 400 спортшы қатысқан әлем Чемионаты болды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы Украина мен Ресейден кейін үшінші орынды қанжығаларына байлады.
Біздің студенттер Елена Костенко мен Василий Слепых жүлделі медальдарға ие болды. ҚР спорт шебері Василий Слепых 95 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қоссайыста «күміс» жүлдесімен, ал ұзақ циклде – «қола» жүлдеісмен марапатталды.
Елена Костенко - республикадағы сөзсіз көшбасшы, әйелдердің гір көтеру негізін қалаушы. Даугавпилседе 58 кг. дейінгі салмақ (ұзақ циклде) «күміс» медалімен жүлделенді. Ол Республикалық және әлем Чемпионаттарының бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да бұл студенттер «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша оқиды.
Солтүстік Қазақстандық спортшыларды «Дене шынықтыру және әскери білім беру теориясы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, жоғары санатты жаттықтырушысы Андрей Гливьяк жаттықтырады.