Үстіміздегі жылдың 31 қазан күні университетіміздің 5-ші оқу корпусының фойесінде қуанышты да ерекше атмосфера. Балалар әндері, пісірілген нан мен қолдан жасалған бұйымдарға толы үстелдер және ең бастысы, жетім балалар тағдырына бей-жай қарамайтын қонақтар.
Міне, 5-ші жыл қатарынан педагогикалық факультет «Балаға қуаныш сыйла» қайырымдылық акциясын өткізуде. Әрбір акция сайын қоғамның осы іс-шараға деген қызығушылығы артады. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне ЖОО-ның барлық факультеттері дерлік көмекке келді.
Балаларға көмек үлесі ретінде ұсынылған сұрыптамадан зат сатып алу қажет. Негізінен, бұл нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, жеміс-жидектер. Биыл таңдау суреттер, қолдан жасалған бұйымдар және басқа да ұсақ түйектермен толықтырылды. Баға кесімді емес, қалаған тауарды кез-келген құнға сатып алу мүмкіндігі ұсынылды.
Өткен жылы қайырымдылық акцияның алым сомасы 85 мың теңгені құраған. Бұл қаражатқа кеңсе тауарлары, ойыншықтар және басқа да балаларға қажетті заттар сатып алынды.