2018 жылдың 6-нан 8-ші қарашаға дейін университетіміздің дәрігерлік пунктында студенттерге тұмауға қарсы екпе салдыру басталды. Екпені Петропавл қаласының №3 қалалық емханасының медбикелері салады.
Студенттерге екпе салдырудың алдында оларды №3 қалалық емханасының терапефт-дәрігері Гүлнар Есманова тексеріп, оларды тіркейді де екпе салдыруға жібереді.
Дәрігерлік пунктінің бас дәрігері Салтанат Сақтағанованың айтуынша: «Студенттер бұл екпенің тұмау ауруына қарсы екенін біліп, барынша келіп, екпені салдыртып жатыр. 18 жасқа толмағандар ата-анасының рұқсатын алыпта келіп жатыр.»,- дейді.
Білім алушылар бұл екпені жыл сайын салдыртады екен. Олардың айтуынша «Пайдасы зор, оны салдырғаннан кейін ауырмаймыз»,- дейді. Бұл екпе тек студенттерге ғана қойылады және ең бастысы тегін. Жалпы биыл екпені 200-ге жуық студент салдырды.