"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

«Латын әліпбиі– мемлекеттік тіл тірегі» тарихи құжаттардың көрмесі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жарияланған идеяларын жүзеге асыру шеңберінде, 2018 жылдың 8-ші қарашасында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың мұражай қызметкерлері №2 оқу корпусының фойесінде «Латын әліпбиі – мемлекеттік тіл тірегі» атты тарихи құжаттардың көрмесін ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты ЖОО-ның студенттерін, оқытушылары мен қызметкерлерін қазақ, латын әліпбиінің жазбаша тарихын, насихаттау, латын тілін қолданудың маңыздылығын түсіндіру.

Мұражай қорынан, сондай-ақ аймақтық мұрағаттан, алфавитті кириллицадан латын жазуына аудару туралы ҚР Президентінің Жарлығының көшірмесі, қазақ тіліне латын графикасының мағынасы туралы әйгілі ғылыми журналдар мақалалары, мектеп бітіру туралы куәліктер, құрмет грамоталары мен дипломдардың көшірмелері, БКП ОК аудандық комитетінің директиваларының көшірмелері және 1929-1940 жылдары Қазақстанда латын графикасы қолданылған кезеңдегі басқа да құжаттар қойылды.

Көрме 2018 жылдың 19-шы қарашасына дейін жалғасатын болады.

13.11.2018