"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Дұрыс сөздер көркем емес. Көркем сөздер сенімді емес. Жанашыр шешен емес. Шешеннің жанашыр болуы міндет емес. Білгір дәлелдемейді, дәлелдеуші білгір емес

Лао-Цзы

"Мен Мағжанмен мақтанамын" ашық микрафон

          15.11.2018ж. күні М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекетттік университеті «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен жерлес ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мен Мағжанмен мақтанамын» атты ашық микрофон өткізілді. Ашық микрофонның  міндеттері: білім алушылардың қазақ әдебиетінің туындыларына деген қызығушылықтарын ынталандыру; жастарды қазақ тіліндегі әдеби шығармашылыққа баулу; студенттердің мемлекеттік тілді үйренудегі қиыншылықтарын шешу жолында тілді қолдануға жағдай жасау; білім алушылардың қазақ тілін үйренуге бағытталған жобаларын қолдау. Шара барысында ақынның «Түркістан» поэмасынан үзінділер, «Қазақ тілі», «Мен жастарға сенемін», «Сүй, жан сәулем», «Сағындым» және т.б. шығармалары оқылды.

     

Кафедра пқт
17.11.2018