2018 жылдың қарашаның 15-і «Қозыбаев оқулары-2018» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында мұражайда университет студенттерінің қатысуымен «Сөнбейді Манаш - жұлдыз» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
Кездесу қонақтары – академик М. Қозыбаевтың жұбайы, інісі және еліміздің танымал тарихшылары. Белсенді студенттер Манаш Кабашұлының өмірі мен шығармашылығына арнаулар мен өлендер оқыды.
Әңгімелесу барысында Сара Козыбаева және басқа да меймандар Манаш Қозыбаевтың қазақстандық білім берудегі рөлі туралы айтып, ғалымның қиын студенттік өмірі туралы әңгімелеп, қазіргі жастарды тыным таппай оқуға және өмірдегі қиындықтардан қорықпауға шақырды.