2018 жылдың 20-сы мен 22-ші қараша аралығында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Адалдық аймағы» атты науқан өтуде.
Студенттер кәсіподағы, ЖІК және студенттік ректораттың белсенділері кеңсе және тағам өнімдері тауарларын ұйымдастырды. Ал сусындар мен тәттілерді іс-шара үшін арнайы ЖК Сейітов сатып алған. Науқанның мәні – оқытушылар, қызметкерлер мен студенттер не алатындарын таңдап, ақшаларын импровизацияланған кассаларда қалдырады, ал қажет болса, қалған ақшасын өзіне қайтарып ала алады. Яғни, бұл жолсату-сатып алу процесі сатушының қатысуынсыз өтеді. Осылайша, ұйымдастырушылар қатысушылардың тұтастығы адалдық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу принциптерін қалыптастыруға ұмтылады.
Бұл шара тағы бір жақсы мақсатты көздейді. Науқан барысында жиналған барлық қаражат Истомина Марияның ата-анасына тапсырылады. Орталық жүйке жүйесінің туа біткен нашарлауы бар қызға қымбат емделу, денсаулығын қалпына келтіру және қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алу керек.
Аталмыш науқан үш күн бойы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Оған 400-ге жуық адам қатысты.