Жастар ісі жөніндегі комитетке биыл 5 жыл толып отыр. 2018 жылдың қарашының 20-сы университет қабырғасында осы айтулы датаны атап өтті.
Өз жұмысын 2013 жылы бастаған студенттік ұйым бүгінгі күнге дейін ауқымды жұмыстар атқарып, оқу орданың беделін асқақтатуда. Мерейтойға орайластырылған жиында қаламызға белгілі өнер ұжымдары мен танымал би ансамблдері өнер көрсетті.
Мерейлі кеш М. Қозыбаев СҚМУ авиакомпаниясының «Бастапқыдан ЖІК-тің 5-жылдығына дейін»рейсі тақырыбында өтті. Қонақтарды тамаша стюардессалар қарсы алып, барлық жиналғандарға әуе билеттерді таратты. Іс-шараның сонында лоторея ойнатылып, жиылған қауымды бағалы сыйлықтармен қуантты.
Сонымен қатар, университетіміздің «Антурнан» би тобы да көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Кеш қонақтары болып, ұжымда еңбек еткен ардагер студенттеріміз шақырылды. Олар өздерінің жарқын естеліктерімен бөлісті. Мерекелік кеш би аланында жалғасын тапты.
Концерттік бағдарламадан бөлек фотосурет көрмесі ұйымдастырылды. Онда жастар ісі жөніндегі комитетің 5 жылдық жетістіктері таныстырылды.