2018 жылдың 29-шы қарашасында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың Ғылыми кеңесінде студенттерімізді салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Едіге Нияз (ПФ) бен Воропаев Никита (ТЭҚФ) ҚР Тұңғыш Президент Қорының грант иегерлері атанды. Университет ректоры Серік Өмірбаев оларға растау куәліктерін табыстап, оқуларында сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, Сәрсенбай Берікболда (ПФ) «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» - «Серпін» жобасы бойынша студенттер арасындағы республикалық байқауда үшінші орынға ие болды. Ол да дипломмен марапатталды.
Студенттерімізді құттықтаймыз!