Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да дәріс оқуға келген шетелдік ғалымдармен кездесу өтті
2018 жылдың желтоқсанның 12-сі М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да дәріс оқу және мастер-класс өткізу үшін келген: Ян Андре Вендт (Польша), Тимур Альфред Мавлютов (АҚШ), Мохаммад Шаабан (Египет), Жанг Менг және Юсин Янг (Қытай) шетелдік ғалымдарымен кездесу өтті.
Іс-шараны ғылым және инновация жөніндегі проректор Ақмарал Ибраева ашты. Ол жиналған қауымға шетелдіктердің жемісті жұмысы мен бір семестр көлемінде берген білімдері үшін алғысын білдірді.
Шетелдік ғалымдар өздері де одан әрі ынтымақтастық орнатуға үміт білдірді. Олар солтүстікқазақстандықтардың жылы қабылдауы мен студенттердің жақсы білім деңгейін атап өтті. Шетелдік мамандар СҚМУ оқытушыларымен бірлесе ғылыми зерттеулер мен тығыз байланыс орнатуды жоспарлауда.
Сонымен қатар, кездесу барысында СҚМУ-ті Польшаның Гдань университеті арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Жиынның соңында шетелдік ғалымдарға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
