2018 жылғы 15-17 желтоқсан аралығында "Сұңқар" спорт клубы "Дене шынықтыру" және "Дене шынықтыру және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі" кафедраларымен бірлесіп СҚМУ М. Қозыбаев атындағы жатақханада тұратын студенттер мен магистранттар арасында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған волейболдан, тоғыз-құмалақ, футзал бойынша жарыстар өтті.
Жарысқа ерлер мен әйелдер құрамасы қатысты. Турнирді өткізудің негізгі мақсаттары: студенттік жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, осы спорт түрін насихаттау және дамыту.