"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз.

М.Әуезов

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері кёрлингтен ҚР Чемпионатында жеңімпаз атанды

2018 жылдың 8-ші және 21-ші желтоқсан аралығында Алматы Аренада аралас жұптар арасында кёрлингтен XVII Қазақстан Чемпионаты өтті. Турнирде 9 команда бақ сынасты. Жарыстың нәтижесі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы, оның ішінде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері 1 орынға ие болды.

Команда құрамы: Дәулет Тарбақ, Глеб Вибе, Роман Жежеря, Вероника Вятчинова, Елизавета Уточко (Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалык колледжі). Спортшыларымызды "Дене және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі" кафедрасының доценті Зернов Денис Юрьевич жаттықтырады.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

24.12.2018