2018 жылдың 27-ші желтоқсанында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Жаңа жыл мерекесі қарсаңында студенттік бал өтті. Іс-шараны университетіміздің студенттік ректораты, Жастар ісі жөніндегі комитеті және студенттер кәсіподағы ұйымдастырды.
Балдың басында университет өміріне белсене қатысып, үлесін қосқандарға жылдық нәтижелер қорытындыланып, студенттік белсенділерге дипломдар табысталды. Кейін мереке құттықтаулар, әсем әндер, билермен жалғасты. Сондай-ақ, шараға дәстүрлі түрде аяз ата мен ақшақарда қатысты.
ЖІК-тің төрағасы Богдан Петров кешке жиналғандарды келе жатқан жаңа 2019 жылмен құттықтап, белсенді жастардың университетте елеулі орын алатындарын айтты. Жаңа жылда осы қарқынмен қалмай, одан әрі үрейе түсетіне студенттік белсенділер сенімді. Айта кету керек, студенттік бал университетімізде осымен 3 жыл аталып өтуде.