Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Осы мақсатта 2019 жылдың қаңтардың 18-і М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да оқу орданың оқытушылары мен қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті.
Волейбол - спорттың командалық түрі. Жарысқа университет факультеттері мен әкімшік қызметкерлерден құралған құрамалар қатысты. Бәсекені жарыстың төрешісі «Сұнқар» спорт клубының жетекшісі - Айдарбек Құдыкенов ашып, сынға қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Атап өту қажет, бұл сайыс «Сергектік және денсаулық» спартакиадасы аясында ұйымдастырылды. Тартысты бәсекеде құрамалар бар шеберліктерін көрсете білді. 2 жақты шабуылдар жасалып, қорғанысқа шыққан қатысушылар өз командалары үшін аянып қалған жоқ.
Қызу тартысты өткен сынның нәтижесінде «Педагогика факультеті» командасы 1-ші орынды иеленді. «Агротехнологиялық факультет» құрамасы 2-ші орынды алса, әкімшілік басқару бөлімі 3-ші орынға табан тіреді. Сайыстың соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сыйақы табыс етілді.