"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Әркімнің туған тілі – туған шеше, Оған бала міндетті сан мың есе.

С.Мұқанов

Президентпен әңгіме

2019 жылдың 24 қаңтарында Агротехнологиялық факультетінде «Президентпен әңгіме» атты эссе байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауға факультеттің 1-4 курс бойынша 48 студент қатысты, оның ішінде 25 – і мемлекеттік тілде және 23 – і орыс тілінде. Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстардың көркемдік деңгейін, идеяның бірегейлігін және материалдарды орындаудың кәсіби сапасын, материалдардың байқау тақырыбы мен мақсаттарына сәйкестігін, мазмұндаудың мәнерлілігін, дәлдігі мен табыстылығын, сондай-ақ плагиаттың болмауын бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша 3 жеңімпаз анықталды:  1 орын – А-18-каз тобының 1 курс студенті Оразмаханов Ш., 2 орын – ТПП-18-1қаз тобының 1 курс студенті Нұрғалиева Ақсүйрік,  3 орын – ТПП-17 тобының 2 курс студенті Баширов Абай. Жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар берілді, ал барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды

gallery:1073

24.01.2019