2019 жылдың қаңтардың 26-сы Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов денсаулық сақтаудың жас көшбасшыларымен кездесті. Алқалы жиынға талантты ғалымдар, дәрігерлер, студенттер, интерндер мен денсаулық сақтау менеджерлері ат салысты. Аталмыш іс-шараға М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Жоғары медицина мектебінің директоры Әсет Ізденов қатысты.
"Өткен жылы Қазақстанның көп салалы университеттерінде, Қазақ ұлттық университеті мен СҚМУ-да "Жалпы медицина" мамандығы бойынша лицензиядан өткен болатын. Бұл еліміздің медицина ғылымының дамуына жаңа серпін береді",- деп атап өтті министр.
Шараға қатысушылар пациенттердің медициналық қызметкерлерге деген сенімімен, Қазақстандағы клиникалық морфологтардың жетіспеушілігіне дейінгі түрлі тақырыптарда әңгімелесті. Сонымен қоса, жиында жастардың денсаулық орталықтарын күшейту, өмірдің қиын сәттерінде азаматтарды психологиялық қолдау үшін ел деңгейінде шұғыл желі құру мәселесі де қозғалды.