2019 жылдың 8-ші ақпанында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ СҚО аймақтық филиалында, осы филиалдың ұйымдаструымен «Мемлекеттік бағдарламалар бойынша ШОБ мемлекеттік қолдау шаралары» атты семинар өтті.
Іс-шараға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ мен әкімдігінің туризм және кәсіпкерлік басқармасының өкілдері, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Ақмарал Ыбыраева , университет оқытушылары, ғалымдар және оқу ордамыздың жас ғалымдары қатысты. Аталмыш семинардың мақсаты: жақсы нәтиже көрсеткен ғалымдардың ғылыми жобаларын әрі қарай коммерциялизацияландыру болып табылады.
Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламада шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған шаралар туралы, бизнес-идеяларды және стартаптарды жүзеге асыру үшін субсидиялар мен гранттар туралы әңгіме болды. Жалпы, «Даму» кәсіпкерлік дамыту қоры 16 млн. Теңгеге дейін қаражат бөледі. Біздің ЖОО-да қазір 30 ғылыми-зерттеу жұмыстары коммерциялизацияландырылуға дайын.