Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
№13 орта мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы
14 ақпан Агротехнологиялық факультет ПОҚ және студенттері №13 мектепте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Түлектер СҚМУ-ға түсу шарттары туралы ақпарат алды. Академиялық ұтқырлық бағдарламасының мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ Германияның экологиялық шаруашылықтарында «ЛОГО» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы тәжірибесінен өту туралы мәліметтермен және қажетті құжаттар тізімімен танысты. Студенттер факультеттегі жетістіктерімен бөлісті. Мектеп түлектері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, буклеттер алды.

