Ағымдағы жылдың 26 ақпанында оқу ордамыздың жігіттері өзара мықтыны анықтады. Қуаныш пен қобалжуға толы мерекеге университетіміздің барлық факультеттері қатысты. Жалпы саны 12 жігіт қатысқан байқау екі кезеңнен тұрды.
Ер азаматтардың «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын» анықтайтын әділ – қазылар құрамында қаламызға белгілі адамдар мен университет оқытушылары болды. Сонымен қатар, аталмыш мерекеге өңірімізге танымал өнер иелері де ат салысты.
Мерекелік кеш барлық қатысушылардың ұлттық биімен ашылды. Кейін сынға түскендер өздерін өлең жолдарымен таныстырды. Ал екінші кезеңде, жігіттердің өнерге жақындықтарын тексерді. Біреуі ән айтса, біреуі мың бұрала би биледі. Тіпті сыбызғы мен домбырада ойнап, театрлық қойылым да қойды. Өнерлерін ортаға салған жігіттер мерекелік кештің соңында флешмоб биледі.
Байқаудың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификат пен бағалы сыйлықтар табысталды. Жігіттің төресі, өнердің серісі педагогика факультетінің студентті Қажыгелді Ислямбеков «Жігіт сұлтаны – 2019» атанды.