«Жаңа гуманитарлы білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтар» жобасы «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл жоба 5 жылға есептелген. Қазіргі уақытта ҚР жоғары оқу орындарының кітапхана қорына алғашқы 18 жаңа оқулық көшіріліп, берілді. Бұл зияткерлік транш АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Швейцария сияқты алдыңғы қатарлы елдердің үздік ғылыми өнімдерін қамтиды.
ҚХА кафедрасының бастамасымен, М. Қозыбаев ат. СҚМУ-да «Жаңа гуманитарлы білім. 100 жаңа қазақ тіліндегі оқулықтар» жобасы аясында университет оқытушыларының арасында видеолекция байқауы өткізіліп, оның түпкі мақсаты - студенттердің жоғары ғылыми стандарттарға сай білім алуы, білім беру процесіне жаңа оқулықтардың енгізілуі, оқытушылардың жұмыс тәжірибесінің анықталуы, кәсіби шеберліктің арттырылуы, жаңа оқулықтардың пайдалануы бойынша видеотеканың қалыптастырылуы болып табылады.
2019 жылдың 28 ақпанында университеттің Ғылыми кеңесінің отырысында байқауға қатысушыларды дипломдармен, кітаптармен, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапаттау рәсімі өтті. Байқауға 9 адам қатысты. Дәрістер 7 пән бойынша 3 тілде жүргізілді: «Философия», «Психология», «Қаржы менеджменті», «Тіл біліміне кіріспе», «Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі», «Жалпы астрономия», «Basics of economic theory». Конкурсқа қатысушылар 8 жаңа оқулық енгізді.
Жұмыс барысында байқау комиссиясы келесі орындарды анықтады:
Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы арнайы сыйлықпен Тайшыбай З. С. марапаттады.
Дәріс жазбалары университет медиаорталығымен түсірілген.