2019 жылдың 4 наурызда М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ облыстық филиалының өкілдері жоғары медицина мектебімен бірге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізудің негізгі мәселелеріне арналған ЖОО студенттері мен ПОҚ үшін ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Іс-шара барысында тегін медициналық көмек пакетінің көлемі мен жаңа үлгісі, емханалар мен ауруханалар арасында медициналық көмекті сатып алу және орналастыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстар, сондай-ақ көрсетілетін медициналық көмектің сапасына мониторинг жүргізу туралы сөз болды.
Қатысушылар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС пакетін енгізумен медициналық көмектің қалай көрсетілетінін, халыққа қандай медициналық қызметтер тегін қолжетімді болатынын білді. Сонымен қатар, күн тәртібінде: жарналар мен аударымдардың түсуі, оларды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуі; бірыңғай жиынтық төлемді төлеу тәртібі мен шарттары; «ФМС.Народный контроль» мобильдік қосымшасының жұмысы сынды тақырыптар талқыланды.