Нұрсұлтан Назарбаев есімімен Қазақстанның гүлдену және әлемдік беделге ие болу дәуірін байланыстырады. Елбасы жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы. Еліміздің Тұңғыш Президенті елорданы оның атымен атауына лайық. Бүгінгі таңда Қазақстан- әл-ауқаттың, экономикалық тұрақтылықтың, сондай-ақ этносаралық келісім мен толеранттылықтың үлгісі.
Біз тұратын Тәуелсіз Қазақстан-мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жемісті жұмысының нәтижесі. Елбасы атын мәңгі есте сақтайтын жаңа атау болашақта жаңа ауқымды жеңіс әкелетініне сенімдіміз. Біз Тәуелсіз Қазақстан және біз жас ұрпақ, бұған лайық деп есептейміз. Елордамызды "Нұр-Сұлтан" қаласына ауыстыру бастамасын қолдай отырып, біз сіздерге бейбіт аспан мен ертеңгі күнге деген сенімділік үшін алғыс айтамыз.