Сөздәйектер галереясы
Дұрыс сөздер көркем емес. Көркем сөздер сенімді емес. Жанашыр шешен емес. Шешеннің жанашыр болуы міндет емес. Білгір дәлелдемейді, дәлелдеуші білгір емес
Лао-Цзы
«Журналистика» кафедрасының меңгерушісі, доцент Айсұлу Жақсылыққызы Шайкенованы құттықтаймыз!
Халықаралық әділқазылар мүшесі Айсұлу Шайкенованың медиа және цифрлық медиасауаттылық байқау гранты бойынша жобалық өтінішіне оң бағасын берді. Осыған орай, INTERNEWS KAZAKHSTAN медиа және цифрлық медиасауаттылық байқау гранттарына қызығушылық танытқаны және қазақстандық медиа саласының дамуына үлкен үлес қосуына ат салысқаны үшін алғысын білдіреді.
Жоба MediaCamp Ортаазиялық бағдарламасы шеңберінде халықаралық даму бойынша АҚШ Агенттігінің қолдауымен жүзеге асырылады.
27.03.2019
