Сөздәйектер галереясы
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
В.А.Сухомлинский
"Бір ел - бір халық" атты республикалық науқан аясында "Бірге оқимыз" науқаны
2019 жылдың 29 наурызы күні ПОҚ, студенттері "Қазақстан Халқы ассамблеясы" кафедрасымен бірлесіп "Бір ел - бір халық" атты республикалық науқан аясында "Бірге оқимыз" науқанын өткізді. Науқанда кафедра доценті Ж.С.Құлыбекова "Ә.Тәжібаев поэмаларындағы фольклорлық сарын", Сейтім А. "Ә. Тәжібаевтың өмір кезеңдері" атты тақырыпта баяндама жасады. 1-2 курс студенттері Ә.Тәжібаев өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Науқан соңында қатысушылармен Ә.Тәжібаевтың шығармашылық үзінділеріне эстафеталық оқу болды.
Кафедра қтә
29.03.2019
