"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Әркімге қажетті білім бар, Сол білімді меңгермейінше, барлық басқа білім адамға нұқсан келтіреді

Л.Н. Толстой

"Орфей мен Қорқыт мұрагерлері -2019" IV аспаптық орындаушылық жетістіктерінің көрмесі

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да наурыздың 29 жұлдызында педагогикалық факультеті және "Нұр Отан" партиясының "Болашак" филиалы қолдауымен "Орфей мен Қорқыт мұрагерлері -2019" IV аспаптық орындаушылық жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды. Аталмыш сайысқа 10 мен 21 жас аралығында, 4 жастық топ қатысты. Бақ сынаушылардың жалпы саны 120- ға жетті.

Конкурстың  мақсаты: заманауи аспаптық орындаушылықтың дамуына үлес қосатын жас музыканттарды анықтау. Көрмеге 4-11 сынып оқушылары мен олардың мұғалімдері, музыкалық-педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері, педагогтары, өнер және мәдениет орта-арнайы оқу орындарының оқушылары, СҚО мәдениет мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Кез – келген қатысушы домбыра, скрипка, баян, фортепиано сияқты аспаптарда, соло немесе дуэт орындады. Әр жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын сайыс бұрынғыдан ерекше. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларды әділ- қазылар әртістік, орындау техникасы, шеберлік, көркемдік талғам және мәдениет деңгейі сынды критерийлер бойынша анықтады.

Байқау нәтижесі бойынша қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

29.03.2019