М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да наурыздың 29 жұлдызында педагогикалық факультеті және "Нұр Отан" партиясының "Болашак" филиалы қолдауымен "Орфей мен Қорқыт мұрагерлері -2019" IV аспаптық орындаушылық жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды. Аталмыш сайысқа 10 мен 21 жас аралығында, 4 жастық топ қатысты. Бақ сынаушылардың жалпы саны 120- ға жетті.
Конкурстың мақсаты: заманауи аспаптық орындаушылықтың дамуына үлес қосатын жас музыканттарды анықтау. Көрмеге 4-11 сынып оқушылары мен олардың мұғалімдері, музыкалық-педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері, педагогтары, өнер және мәдениет орта-арнайы оқу орындарының оқушылары, СҚО мәдениет мекемелерінің қызметкерлері қатысты.
Кез – келген қатысушы домбыра, скрипка, баян, фортепиано сияқты аспаптарда, соло немесе дуэт орындады. Әр жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын сайыс бұрынғыдан ерекше. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларды әділ- қазылар әртістік, орындау техникасы, шеберлік, көркемдік талғам және мәдениет деңгейі сынды критерийлер бойынша анықтады.
Байқау нәтижесі бойынша қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.