Біздің ЖОО-да академиялық ұтқырлық бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Агротехнологиялық факультетке П.А. Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетінің "Азық-түлік биотехнологиясы" кафедрасының доценті Татьяна Рыбченко келді.
2019 жылдың 26-30 наурыз аралығында ол болашақ технологтарға "Азық-түлік өндірісінің жалпы технологиясы" пәні бойынша дәріс оқып, іскерлік ойын және мастер-класс өткізді. Татьяна Рыбченко тренинг барысында студенттерге балқытылған ірімшіктерді дайындау технологиясы, рецептура, өнімдерді шикізат өндіру көлеміне қайта есептеу, сондай-ақ алынған аспаздық өнімдердің дәмін татуды ұйымдастырды.
Айта кету керек, биыл П.А. Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университеті өкілдері біздің ЖОО-да бірнеше рет болды. "Байланыс сағаттарынан" бөлек студенттер мен магистранттар үшін мерзімді түрде онлайн - дәрістер өткізіледі. Омбы қаласына академиялық ұтқырлық бойынша оқуға М.Қозыбаев атындағы СҚМУ білім алушылары да бармақ.