Солтүстік Қазақстан облысының халқы азайып келе жатқаны белгілі. Жылдан жылға оның саны қысқарып барады. Қалыптасқан жағдайдың себептері неде, немен байланысты?
Солтүстік Қазақстандағы демографиялық жағдай және көші-қон үдерістері мәселесі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» және «География және экология» кафедраларының талқылауына шығарылды. 2019 жылдың 28 наурызында университеттің оқытушылары, магистранттары мен студенттері, Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері үшін «Солтүстік Қазақстанның көші-қон үдерістері: жағдайы мен перспективалары» тақырыбында онлайн режимінде республикалық ғылыми-әдістемелік семинарын өткізді.
Семинар жұмысына қатысқандар:
- С. Аманжолов ат. ШҚМУ-дың ғалымдары (Өскемен қ.):
Олармен «Заманауи Қазақстандағы көші-қон процестерінің себептері мен салдары» мәселесі талқыланды.
- әлемеуметтік- демографиялық дамудың зерттеу орталығы «Экономикалық зерттеулер институтының» АҚ ҚР ҒЭҚ ғалымдары (Нұр- Сұлтан қ.):
«СҚО –ның демографиялық жағдайы: мәселелер мен сын-қатерлер» тақырыбын ұсынды (Презентация).
«СҚО демографиялық көбеюіндегі көші-қон процестерінің рөлі» атты тақырыбында зерттеу нәтижелерімен бөлісті (Презентация).
- М. Қозыбаев ат. СҚМУ-дың оқытушылары мен студенттері.
Сөз сөйлеушілер М. Қозыбаев ат. СҚМУ-ға «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша Қазақстанның оңтүстігінен келген студенттер мен шетел студенттерін тартудағы жоғары оқу орнының рөлін және этникалық қазақтардың өз отанына оралуын атап өтті.
Семинар барысында келесі ұсыныстар жасалды.