"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады.

Уильям Уорд

Біздің ЖОО студенті Анара Кәкімова - "Мисс Петропавл -2019" атағына ие болды

Қаламыздың ең сұлу қызы атағы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті - Анар Кәкімоваға бұйырды. Ол "Қаржы" мамандығы бойынша үшінші курста білім алуда. "Белсенді, спортшы әрі сұлу". Шынында да, Анара барлық нәрсеге қол жеткізуде: оқуда - ол үздік, бірқатар ғылыми жобаларды жүзеге асырып отыр, мәселен, бұл экономикалық бейіндегі курстық жұмыстардың халықаралық байқауындағы жеңісі. 

Ал, спортта - нәзікжанды бес жылдан бері шұғылданатын көркем гимнастикамен әуестенеді; қоғамдық өмірде-өз елінің тағдырына немқұрайлы қарамайтын жас ұрпақтың жарқын өкілі. "Сұлулық байқауының" барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, ол жеңімпаз тәжіне лайық деп танылды. Сондай-ақ, "Мисс Қазақстан - 2019" сынында біздің қала мен университетімізді таныстыру құқығына ие болды.

04.04.2019