Тарих, экономика және құқық факультетінің "Құқықтану" мамандығы бойынша оқитын студент Томирис Имамбаева жазғы Президенттік көпсайыс (полиатлон) бойынша жабық алаңдағы ҚР Чемпионатының жеңімпазы атанды. Дода Көкшетау қаласында 25-30 наурыз аралығында өтті. Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан ұлдар мен қыздар қатысты.
Чемпионат бағдарламасы 3 кезеңнен құралды: жүгіру, жүзу және ату. Томирис әрбір сыннан сәтті өтіп, құрмет тұғырының жоғары сатысына ие болды. Айта кету керек, спортшыны "Дене және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі" кафедрасының оқытушысы Александр Наумов жаттықтырады.