2019 жылдың 12 сәуірінде Қазақстандағы жастар жылына арналған "Жастар және ғылым 2019" ХҒТК аясында ТжӘИ-де "Гуманитарлық ғылымдар"секциясының отырысы өтті. Секциялық отырысты Тіл және әдебиет институтының директоры Е.В. Сабиева конференция қатысушыларына құттықтау сөзімен ашты. Секция жұмысы аясында қазіргі заманғы лингвистика, әдебиеттану, аударматанудың өзекті мәселелері бойынша пікірталас өтті, қазіргі мектептегі шет тілі сабақтарында жұмыс істеудің инновациялық әдістері талқыланды. Сөз сөйлеушілердің баяндамаларын секция төралқасының мүшелері бағалады. Сөз сөйлеушілерге 1,2,3 дәрежелі дипломдар мен сертификаттар табыс етілді.