"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

"Қазіргі әлемдегі педагогтің рөлі" тақырыбында дөңгелек үстел

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенттер кәсіподағы 2019 жылдың 4 сәуірінде Мусаева Радмиланың атынан, СПС-16 тобының студенті Маратов Жеңіс, Педагогика факультетінің ПОҚ-мен бірлесіп "Қазіргі әлемдегі педагогтің рөлі"тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына педагогика факультетінің деканы, "Психология және педагогика" және "Арнайы және әлеуметтік педагогика" кафедраларының оқытушылары, сондай-ақ "Педагогика және психология", "Дефектология", "Мектепкедейінгіоқытужәнетәрбиелеу" және "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандықтарыныңстуденттеріқатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар "Жаңа формация педагогі" мәртебесіне қойылатын талаптарға сәйкес педагогтың бойында болатын қасиеттерін қарастырды.

Кафедра абжмдо
15.04.2019