"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Оқу-білімсіз өнер де жоқ... өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.

Ғабит Мүсірепов

"Жаңартылған білім беру бағдарламасының аясында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ерекшеліктері" атты облыстық оқу-әдістемелік семинар

2019 жылдың 18 сәуірі күні "Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық  дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты" КММ бірлесе отырып, сол мектеп базасында кафедрамыздың оқытушысы Синбаева Г.К. ұйымдастыруымен облыстық жаңартылған білім мазмұны негізінде оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға аудан және қала мектептерінен тәжірибелі ұстаздар, университеттен оқытушылар мен студенттер қатысты. Семинарда гиназия мұғалімі Ж.Ж.Ж.Абилова 8 сыныппен ашық сабақ өткізді  және Қызылжар ауданы "Парасат мектеп-лицейі" КММ мұғалімі Құлатаева А.Ж. , гимназия ұстаздары Қаржауова Ж.С., Исахметова Р.Т. және Қалкенов Ж. шеберлік сыныптарын өткізді. Семинар соңында қатысушылар мен келген қонақтарға Алғыс хаттар мен сертификаттар табыс етілді.

Кафедра қтә
18.04.2019