2019 жылдың сәуірдің 17-сі Нұр-Сұлтан қаласында М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЮУ базасында «Адал жастар – еліміздің гүлденуінің кепілі» атты жалпы республикалық жастар форумы өтті.Шараның ұйымдастырушысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі болды. Форумға қатысушылар қатарында әлеуметтік жұмыс бөлімінің басшысы Қанат Смаилованың жетекшілігімен біздің университеттің студенттері де бар.М. Қозыбаев атындағы СҚМУ делегациясының құрамында ЖІК оқу-зерттеу жұмысы бөлімінің жетекшісі Қажымұқан Смағұл, ТжӘИ ЖІК төрайымы Индира Жакиянова, студенттік ректордың орынбасары Анель Ахметова, МЖҒФ студенттік деканы Юлия Свистунова және жатақхана студенттік кеңесінің төрайымы Гүлжан Әнуарбекова кірді.
Біздің университетте аталған іс-шараны онлайн түрде қарады. Республикалық форумды облыстық департамент Агенттігінің өкілдері, СҚМУ оқытушылары мен студенттері тамашалады. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Ұлан Әскери институтының басшылығы мен курсанттары қатысты.
Форум қатысушылары мен веб-трансляция көрермендерін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов қарсы алды. Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстанның академиялық адалдық Лигасы Кеңесінің төрағасы, белгілі журналистер, блогерлер, кәсіпкерлер мен М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЮУ студенттері сөз сөйледі.
Барлық спикерлер бірауыздан: сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие отбасынан басталады, сондықтан жастар бірінші кезекте осы әлеуметтік зұлымдыққа қарсы тұрулары тиіс деген ойда. Форум қорытындысы бойынша бірқатар нақты ұсыныстар қалыптастырылды.