"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Адамның біліміне ақыл серік, ақыл кен таусылмайтын жанға көрік.

Ақансері Қорамсаұлы

География және биология пәндері бойынша ХІ Республикалық олимпиададағы "күміс" жүлде

XI республикалық пәндік олимпиадада математика және жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенттері жақсы білім деңгейін көрсетті. Олар 2019 жылдың 18-19 сәуірінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде болып қайтты. Білім ордамыздың үшінші курс студенттері Евгений Романенко мен Надежда Шевчук "Биология"білім беру бағдарламасы бойынша 2 командалық орынға ие болды. Олардың ғылыми жетекшілері - "Биология" кафедрасының оқытушысы Константин Жадан.

Ал Г(е)-15 тобының студенті Максим Присич география бойынша жеке біріншілікте жоғары нәтиже көрсетті. Ол сондай-ақ, ЖОО-дың қоржынына "күміс" жүлдесін әкелді.

21.04.2019