18-19 наурыз аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ҚР ЖОО арасында ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Жарысқа 16 мамандық бойынша 244 студент ат салысты. Қатысушылар 19 қазақстандық жоғары оқу орнын таныстырды. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды: теориялық және практикалық.
⠀
Зияткерлік сайыс қорытындысы бойынша біздің студенттер жоғары нәтиже көрсетті. Жүлделі 2 орынды "Агрономия" мамандығының 4 курс студенті Амелина Вероника иеленді. Ал 3 орын "Орман ресурстары және орман шаруашылығы" мамандығы бойынша ЛРЛ-16 тобының студенті Серебренников Георгийге бұйырды. Темірбекова Айдын ЛРЛ-15 және Қазақбай Әсел А-15к тобының білім алушыларына алғыс xат табысталды. Айта кету керек, ұйымдастырушылардың командалық қатысуы қарастырылмаған және бағаланбаған.
⠀
Сонымен қатар, ҚазҰАУ басшылығы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры Серік Өмірбаев пен студенттерге, оқытушыларға, қатысушыларды олимпиадаға сапалы дайындағаны үшін алғыс білдірді.