2019 жылғы 2-4 мамыр аралығында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ЖОО-да институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу рәсімін өткізу мақсатында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) сараптау комиссиясы келеді. Бағдарламалық аккредиттеуге 17 білім беру бағдарламасы қатысады:
|
|
Сапар барысында комиссия ЖОО басшылығымен, білім беру бағдарламаларын басқару өкілдерімен, ПОҚ, ғылыми-зерттеу жұмысымен, қаржы, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстармен, тәрбие үдерісімен, студенттік өзін-өзі басқару органдарының өкілдерімен, жұмыс берушілермен, сондай-ақ оқытушылармен, студенттермен, магистранттармен және ЖОО түлектерімен кездеседі.
Қорытынды жиналыста комиссия төрағасы жоғары оқу орнының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар береді.
Тексеру қорытындысы бойынша соңғы шешім қабылданатын Аккредиттеу кеңесінің отырысы мамыр айының соңында өтеді.
Программа визита внешней экспертной комиссии НААР