2019 жылдың сәуірдің 23-і М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Ұлы Жеңіс күніне орай гір спортынан жарыс өтті. Байрақты бәсекеде университетіміздің жатақханаларында тұратын студенттер сынасты. Мықтылар жарысына М.Қозыбаев атындағы СҚМУ 4 факультетінен саны 30-ға жуық спортшылары қатысты.
Гір көтеру – спорттың ауыр түрі. Бұл қиын спорт болғанымен бүгінгі додаға жігіттерден қалыспай қыз балалар да келген. Жалпы сайыста қатысушылар гір тасын ұршықша иірді.
Нәтижесінде: жүзден жүйрік болып педагогикалық факультеттің студенттері атанды. 2-ші орын ТЭҚФ бұйырды. 3-ші орынға ТжӘИ ие болды. Ал 4-ші орынға ИСТФ лайықты деп танылды. Шараның соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.