2019 жылдың 25 сәуір күні университеттің ғылыми кеңесі отырысында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры Серік Өмірбаев Александр Кашевкин мен Наталья Остапенкоға "PhD докторы дипломын" табыстады. Олар біздің ЖОО-ның докторантурасында оқып, ағымдағы жылдың желтоқсан айында "Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар", сондай-ақ "Информатика, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандықтары бойынша өз диссертацияларын сәтті қорғаған.
Айта кету керек, докторлар инженерлік және сандық технологиялар факультетінің докторантурасының "алғашқы қарлығаштары" болып табылады. Осы бастама- жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жаңа сатысы.